Қазақтың Алдар Көсе кейіпкері неміс жұртшылығына ұсынылды

Қазақтың Алдар Көсе кейіпкері неміс жұртшылығына ұсынылды

Берлин, 2024 ж. 19 қазан – Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Берлин қаласының Штеглиц-Целендорф ауданы әкімдігінің қолдауымен «Cultur Kooperation International» коммерциялық емес ұйымы ұйымдастыруымен өткен Қожа Насреддиннің кейіпкеріне арналған бірлескен фестивальдің мерекесіне қатысты.

Фестивальді өткізу туралы бастамасын сегіз елшілік – Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан қолдады.

Фестивальдің ашылуынада Германия тарапынан ГФР СІМ өкілі Йенс Вагнер, Берлин қаласы Штеглиц-Целендорф ауданының бургомистрі Марен Шелленберг, «Cultur Kooperation International» коммерциялық емес ұйымының басшысы Катлин Гёбель, сондай-ақ елшіліктердің басшылары құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшілігі неміс аудиториясын еліміздің мәдениеті және дәстүрімен, сондай-ақ аты аңызға айналған Алдар Көсе кейіпкерімен таныстырды.

Көрермендерге неміс субтитрлері қосылған Ш.Аймановтың қазақ тіліндегі «Алдар Көсе» фильмінің үзіндісі, «Алдар Көсе Ханды қалай емдеді» мультипликациялық фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, Елшілік дипломаттарының ұйымдастыруымен неміс тілінде «Алдар Көсе және Шығайбай» ертегісінің сюжеті бойынша көрініс қойылды. Концерттік бағдарламаны қобыз бен домбырада ойнап, дәстүрлі музыкалық аспаптарды дәріптеген қазақстандық дипломаттардың балалары қойылымдары безендіре түсті.

Қонақтардың назарын арнайы орнатылған дәстүрлі қазақ киіз үйінің инсталляциясы аулады.

Фестиваль қонақтарының басым көпшілігі отбасыларымен бірге келіп, мұсылман шығысының фольклорлық сипатына және Жерорта теңізі мен Балқанның кейбір халықтарына ерекше қызығушылық танытты. Кейбір меймандар Қазақстанның мәдениеті және дәстүрімен жеке танысу үшін келуге ниет білдірді.