
Құрметті отандастар!
2024 жылғы 6 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ға дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №379 сайлау учаскесінде Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты Республикалық референдум өтеді.
Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте қол қойды.
Қазақстанның Германиядағы Елшілігі жанындағы № 379 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толған, Республикалық референдумға қатысуға ниет білдірген, Германияның: Берлин, Бранденбург, Мекленбург Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Ангальт, Солтүстік Рейн-Вестфалия, Төменгі Саксония, Шлезвиг-Гольштейн, Бремен, Гамбург федералдық жерлерінде уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізілне алады.
№379 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізімінде ТІРКЕЛУ ҮШІН төмендегі сілтеме бойынша арнайы форманы толтыру қажет: https://forms.gle/6X3Bhuqi7xJue5NYA
Сондай-ақ, өздеріңіз туралы ақпаратты (толық аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы) referendumkonsul@gmail.com электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Референдум күні дауыс беру үшін өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +49 (030) 47007161 телефон нөмірі немесе referendumkonsul@gmail.com электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.
Елшілік мекенжайы: Nordendstraße 14-17, 13156 Berlin