Қазақстан мен Германия экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Германия  экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Берлин, 2024 ж. 28 тамыз – Германия астанасына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік және бизнес делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында
70 шақты мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың және іскер топтардың өкілдері бар.

Сапардың мақсаты – Қазақстан мен Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің 15-ші отырысына қатысу, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу.

Сапар шеңберінде Федералдық канцлер кеңсесінің, Германияның Экономика және климатты қорғау федералдық министрлігінің басшылықтарымен келіссөздер жүргізу көзделген. Бұл кездесулер барысында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту бойынша екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады.

Атап айтқанда, сауданы кеңейтуге, өнеркәсіптік және шикізат секторындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, жаңартылатын энергия көздерін және «жасыл» трансформацияны енгізуге, көліктік-логистикалық әлеуетті арттыруға және ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлу жоспарлануда.

Бағдарламаның маңызды бөлігі Бірлескен жобаларды қаржыландыру және тәуекелдерді хеджирлеу жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысын өткізу болды.

Сапар барысында делегация неміс бизнес-қауымдастықтары – Германия экономикасының Шығыс комитеті және Германия өнеркәсібінің федералдық одағының басшылығымен кездесті.

Бірқатар ірі неміс компанияларымен де жеке кездесулер өткізіліп, Қазақстандағы қолданымдағы немесе жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Сапар Қазақстанның экономикасын және екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды жаңғыртуға қосымша серпін береді.