Қазақстандық музыканттар Берлинде өткен беделді симфониялық оркестрлер фестивалінде өнер көрсетті

Қазақстандық музыканттар Берлинде өткен беделді симфониялық оркестрлер фестивалінде өнер көрсетті

БЕРЛИН, 2024 жылғы 24 тамыз – «Young Euro Classic» фестивалінің ұйымдастыру комитетінің шақыруымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қазақстанның ГФР-дағы Елшілігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ) студенттерінің музыкалық ұжымы Берлинде неміс жұртшылығы алдында сәтті өнер көрсетті.

«Young Euro Classic» 2000 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және оның қолдауымен фестивальге әлемнің түпкір-түпкірінен ең жақсы жастар симфониялық оркестрлері жиналады. Биыл, фестивальдің 25 жылдық мерейтойы жылында, Еуропа, Оңтүстік Америка, Африка және Азия елдерінен жетекші музыкалық ұжымдары шақырылды.

Фестивальге қатысушылардың репертуарларына Батыстың белгілі симфониялық шығармалары ғана емес, сонымен қатар әр түрлі халықтар мен елдердің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін дәстүрлі композициялар кірді.

Осылайша, неміс талғампаз көрермендеріне қазақтың ұлттық аспабы – домбырада орындалған ерекше музыкалық композициялар ұсынылды. Қазақстандық жас музыканттарының Вольфганг Амадей Моцарт, Роберт Шуман және Антонио Дворжактың репертуарларын виртуоздық орындауы көрермендердің көңілінен шығып, қошеметке ие болды.

Барлық ниет білдірушілере arte.tv мәдени телеарнасында концертті кез келген жерден тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік берділді.

Қазақстандық оркестрдің беделді халықаралық «Young Euro Classic» музыкалық фестивалінде тамаша өнер көрсетуі еліміздің музыкалық өнерінің жоғары деңгейі мен кәсіпқойлығын тағы да растады.