
БЕРЛИН, 2024 жылғы 10 тамыз – Бүгін қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 179-жылдығына орай Берлин қаласында орналасқан ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Шараға Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қызметкерлері қатысып, қазақ халқының ұлы ақынын еске алды.
Қатысушылар Абай Құнанбайұлы неміс ақыны Гётенің өлеңдерін қазақ тіліне аударып, қазақ халқын оның шығармашылығымен таныстырғаны туралы ерекше айтып өтті.
Өз кезегінде, Елшілік жүзеге асырып жатқан «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында атақты неміс аудармашысы, баспагер және жазушы Леонард Кошут Абай шығармаларын неміс тіліне аударған болатын. Бұл неміс тілді аудиторияға қазақтың ұлы ақынының шығармаларымен танысуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі шара Абай Құнанбаевтың мұрасын сақтау мен шығармашылығын насихаттаудың практикалық қадамы болды, сондай-ақ Қазақстан мен Германия халықтары арасындағы мәдени байланыстардың маңыздылығын тағы да көрсетті.
Абай Құнанбайұлының ескерткіші 2021 жылы Берлинде ашылып, Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен мәдени байланысының символына айналды. Ескерткіш Абай атындағы көшеге жақын жерде орналасқан.