
БЕРЛИН, 2020 жылғы 16 шілде – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов ГФР-дың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Кеңесінің Президенті Ханс-Вильгельм Дюннмен кездесті. Кездесу барысында дипломатиялық ведомство басшы ҚР мен ГФР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қосымша серпін берген ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсан мен 2020 жылғы ақпанда ГФР-ға жасаған ресми сапарларының кейбір қорытындылары туралы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр басшылық ететін шетелдік инвесторлармен жұмыс жөніндегі Үкіметтік жұмыс тобының құрылғаны туралы хабарлады. Елші ҚР Үкіметінің жағымды инвестициялық ахуал құру және мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара қатынасты қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударды.
Өз кезегінде Х.-В. Дюнн өзі басқаратын ұйымның қызметі, экономиканың түрлі салаларын цифрландыру, ГФР-дағы байланыстың цифрлық инфрақұрылымының жаңғыруы мен дамуының қазіргі жағдайы, сондай-ақ ГФР-дағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтты.
ГФР-дың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Кеңесі – жеке және өнеркәсіптік мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және ақпараттық технологиялар саласындағы компаниялармен тығыз қызмет ететін қоғамдық ұйым. Ұйым өкілдері мәліметтерді қорғау саласындағы нормативтік актілерді әзірлеуде жиі сарапшылық етеді. Аталған ұйым сондай-ақ Microsoft, Google және Facebook сияқты алдыңғы қатарлы америкалық ІТ-компаниялармен табысты қызмет етуде.