Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Д.Карипов «Kossen Livestock GmbH» компаниясының директоры Ансар Коссенмен кездесті

Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Д.Карипов «Kossen Livestock GmbH» компаниясының директоры Ансар Коссенмен кездесті

БЕРЛИН, 2020 ж. 16 шілде – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Kossen Livestock GmbH» компаниясының директоры Ансгар Коссенмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу алсында компанияның Қостанай облысындағы Тобыл қаласында қуаттылығы жылына 144 тонна ет өндірісі мен ірі қара малды жасанды жолмен ұрықтандыру жөніндегі жобаны іске асыруға қатысу перспективалары талқыланды.

Қазақстандық Елші неміс компанияларының көп жылдық тәжірибесі мен жоғары стандартты өнімі Қазақстанның сыртқы нарыққа шығуына және отандық ет брендін жылжытуға кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық климаттың негізгі факторлары қазіргі заманғы заңнамалық база мен мемлекет және шетелдік бизнес арасындағы серіктестік екендігін атай отырып, Д.Карипов Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономиканы жаңарту және шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жаңа шаралары туралы хабарлады.

Кездесу барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі А.Тумышева агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды мемлекеттік деңгейдегі қолдау шараларымен таныстырды.

Kossen Livestock GmbH Қазақстанға, Ресейге, Өзбекстанға, Түркіменстанға, Иранға, Түркияға және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттық және асыл тұқымды малды шығаруға мамандандырылған компания.