
АЛЬПЕН және ДЮССЕЛЬДОРФ, 2020 ж. 10 шілдеде - ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов өзінің Солтүстік Рейн - Вестфалия федералды жеріне келгеннен кейін екінші күні «LEMKEN» және «Rheinmetall AG» компанияларының басшыларымен кездесті.
Келіссөздердің басты тақырыбы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері болды. Ауыл шаруашылығы техникасын жетекші өндірушілерінің бірі "LEMKEN" компаниясының Бас атқарушы директоры Энтони ван дер Леймен кездесуде Д.Кәріпов екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қосымша серпін берген ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ГФР-ға 2019 ж. желтоқсанда және 2020 ж. ақпандағы ресми сапарларының нәтижелері, сондай-ақ герман инвестицияларына берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесі туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Энтони ван дер Лей компания үшін қазақстандық нарықтың маңыздылығын ерекше атап өтіп, қазақстандық тараппен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді. Кездесу нәтижесінде Д.Кәріпов компанияның өндіріс алаңына және компанияның өңірлік және елдік өкілдер оқитын оқыту орталығына барды.
Ежелгі «LEMKEN» компаниясы (1780 ж. құрылған) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің арасындағы ең ірілерінің бірі. 2019 ж. қорытындысы бойынша компанияның айналымы 380 млн евродан астам. Компанияда 1,7 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. «LEMKEN»-де әлемнің әртүрлі елдерінде 29 еншілес кәсіпорын және шетелде Францияда, РФ, ҚХР және Үндістанда 4 өндірістік және құрастыру кәсіпорындары жұмыс істейді. 2013 ж. компанияның сервистік орталығы ҚР-да өз қызметін бастады.
«Rheinmetall Group» компанияның Басқарма төрағасы Армин Паппергермен кездесу барысында технология трансфері мен инвестицияны тарту саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі ҚР тиімді географиялық орналасуы және өндірілетін өнімді барлық ЕАЭО кедендік аумағында іске асыру мүмкіндігі туралы еске салды.
А. Паппергер компанияның машина жасау, автокөлік және ЖЭК, сорғыш, қарулану мен әскери техника үшін компоненттерді өндіру саласындағы қызметі туралы ақпарат берді, сондай-ақ компанияның электр мобильділік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы алдыңғы қатарлы шешімдерімен таныстырды.
«Rheinmetall Group» компаниясы «Rheinmetall Automotive» және «Rheinmetall Defence» операциялық бөлімшелерінен тұрады. Компанияның штаты 26 мың қызметкерден астам, 2019 ж. қорытындысы бойынша айналымы - 6,3 млрд.еуро.