
БЕРЛИН, 2024 жылғы 28 мамыр – Германия астанасында «Қызғалдақтар – көктемнің көркі» тақырыбымен «Шаңырақ астындағы екінші кездесу» өтті.
Шараға ботаника мен экология ғалымдары, туризм саласындағы мамандар, профессорлар және сарпшылар, сондай-aқ неміс БАҚ өкілдері қатысты.
Елші Нұрлан Онжанов сөзінің басында қатысушыларға «шаңырақ» сөзінің мәнін түсіндіріп, «шаңырақ астындағы кездесу», талқылау мен пікір алмасуды қамтитын жаңа форматы туралы толығырақ айтты. Елші қызғалдақтың қазақ халқының мәдени мұрасы екенін және көптеген археологиялық олжалар дәлелдеп отырғанын атап өтті. Орта ғасырларда қызғалдақ бейнелері сәулет пен керамикада қолданылған, мысалы Түркістан қаласындағы 14 ғасырдағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі гүлді өрнектермен безендірілген. Сонымен қатар қазақтар «қызғалдақ суретін» түрлі ұлттық ою-өрнектерде, зергерлік өнерінде пайдаланған. Н.Онжанов бұл көктем гүлдері табиғаттың жандануын білдіреді, сондықтан қызғалдақ Қазақстандағы Жаңа жыл – Наурыз мейрамының символы болып табылатынын айтты.
Берлиннің ботаникалық бағы мен ботаникалық мұражайын отыз жылдан астам басқарған атақты ботаник, көптеген ғылыми басылымдардың авторы, профессор Ханс-Вальтер Лак дүние жүзінде қызғалдақтың 80 түрі бар екенін, оның 39-ы Қазақстанда өсетінін және олардың 18 түрлері Қызыл кітапқа енгендігін хабарлады. Ол қызғалдақтың ерекше гүлдер екенін және гүлдің көлемі, пішіні, түсі әртүрлі болатынын айтты.
Шаңырақтың астында эколог әрі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ғылыми сарапшысы доктор Хайнц Клёзер жабайы табиғатты зерттеу мақсатында Қазақстанға жақында жасаған сапары туралы айтып берді. Ол еліміздің табиғи ландшафттарының алуантүрлілігін атап өтіп, қызғалдақтардың мекендейтін жерлері туралы айтып, оларды Қазақстанның бірегей табиғи байлығы деп атады.
Неміс тіліндегі «Қазақстанмен танысу» («Kasachstan entdecken») туристирге арналған бірінші қазақстандық жол көрсеткішінің авторы Дагмар Шрайбер қазақ тіліндегі қызыл гүлді білдіретін «қызғалдақ» сөзінің этимологиясын түсіндірді. Ол ұсынылған презентация арқылы қонақтарға Қазақстаннан басталған қызғалдақ гүлінің тарихын айтып берді.
Қонақтар бұл шара Қазақстанның тарихын тереңірек түсінуге және қызғалдақтардың алуантүрлілігі туралы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік бергенін атап өтті. Қатысушылар мұндай кездесулердің жалғасын табуына қызығушылық танытты.
Соңында қонақтар қазақтың киіз үйімен және оның безендірілуімен танысып, Қазақстанның ұлттық тағамдарынан дәм татты.