ГФР-дағы ҚР Елшісі Д. Кəріпов Берлиннің Панков ауданының бұрынғы мэрімен кездесті

ГФР-дағы ҚР Елшісі Д. Кəріпов Берлиннің Панков  ауданының бұрынғы мэрімен кездесті

БЕРЛИН, 6 қаңтар, 2020 ж. -- Бүгін ГФР-дағы ҚР Елшісі Д. Кəріпов белгілі неміс саясаткері Берлиннің Панков ауданының бұрынғы мэрі Алекс Любавинскимен мәдени қатынастар мәселелерін талқылау жөнінде кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Елші саясаткердің қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына тойлау аясында Берлинде ақынның шығармашылығына арналған іс-шаралар өткізу туралы ұсынысына қызығушылық танытты.

Одан басқа тараптар Қазақстан-Германия мәдени ынтымақтастығы жөніндегі іс-шаралар күн тізбесін талқылады жəне серіктестікті жолға қою жөнінде бірқатар ұсыныстар білдірді.