
БЕРЛИН, 2020 жылғы 17 қаңтар – Халықаралық «Жасыл апта» атты көрмесі аясында Елші Дәурен Кәріпов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары А. Сапаров бастаған қазақстандық делегация мүшелері ГФР Ауыл шаруашылығы министрлігінің парламенттік мемлекеттік хатшысы У.Файлермен кездесуі болды. Кездесу барысында тараптар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 5-6 желтоқсанда ГФР-ға жасаған іс-сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижелері бойынша агроөнеркәсіптік кешенді жүзеге асыратын бірлескен жобалардың қазіргі жағдайы талқыланып, ҚР мен ФРГ-ның екіжақты ынтымақтастықтығының негізгі бағыттары көрсетілді.
Сол күні Қазақстандық делегация Румыния, Эстония, Моңғолия ауыл шаруашылығы министрлері, Германия фермерлер ассоциациясының президенті, Бавария федералдық мемлекетінің Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер жүргізушілер агроөнеркәсіптік кешен, инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді және тәжірибе алмасу мен ауыл шаруашылығын дамытуда инновациялық технологияларды қолдану мәселелерi талқыланды.