
ДОРТМУНД, 2020 жылғы 20 қаңтар – Қазақстандық делегация ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекшілігімен Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық орнатуға мүдделі ірі Герман кәсіпорындарының басшыларымен кездесу үшін жұмыс сапарымен Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жеріне келді.
Р.Склярдың 2020 жылғы 20 қаңтардағы сапары шеңберінде «WILO» компаниясының алаңында Дортмунд қаласында ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігімен, Герман экономикасының шығыс комитеті және Дортмунд қ.сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен ұйымдастырылған «Қазақстан және Германия: экономикалық ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінде орналасқан және экономиканың жоғары технологиялық салаларында өз қызметін атқаратын ірі Герман компанияларының басшылары қатысты.
Олардың ішінде «SMS group GmbH» (металлургия), «OTTO FUCHS KG» (автокөлік, әуе көлігі бөлшектерін өндіру), «Dillinger Hüttenwerke AG» (пайдалы қазбаларды қайта өңдеу), «Weidmüller Interface GmbH & Co. KG» (электр техникасы), «Amazonen-Werke H. Dreyer GmbH & Co. KG» (ауыл шаруашылығы машиналарын жасау), «Düchting Pumpen Maschinenfabrik GmbH & Co. KG» (насостар жасау), «Aurubis AG» (пайдалы қазбаларды өңдеу), «COMPO GmbH» (агрохимия) және т.б. бар.
Іс-шараның ашылуында сөйлеген сөзінде Р.Скляр «біздің мақсатымыз - неміс инвесторларымен өзара байланыс орнату, неміс капиталының қатысы бар барлық жобаларды бақылауда ұстайтын боламыз, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынып, олардың тез арада іске асырылуына септігін тигіземіз, мәселелерді тез және сапалы шешеміз. Жобалық басқаруды енгізу арқылы қысқа мерзімде үлкен нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдеміз» - деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол ҚР Үкіметінің Германиямен стратегиялық экономикалық серіктестік жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік етеді.
Дөңгелек үстел шеңберінде неміс бизнесі үшін алғаш рет Мемлекет Басшысының 2019 жылғы желтоқсандағы сапары кезінде айтылған, оның ішінде арнайы экономикалық аймақта салықтан босату режимі, инфрақұрылым беру және т.б. ерекше жағдайлар ұсынылды. Бұдан басқа, іс-шара барысында машина жасау, ауыл шаруашылығы, транспорт, логистика және жоғары технологиялар саласында Қазақстан-герман екіжақты ынтымақтастығының келешегі талқыланды.
Дортмунд қ. мэрі Ульрих Зирау сөйлеген сөзінде ҚР өңірлері мен ГФР федералды жерлері арасында өңірлік ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін атап өтті
Іс-шара алаңында Р.Скляр Siemens AG, Tönnies Holding ApS & Co. KG, Aurubis AG, Schuler AG, OTTO FUCHS KG және т.б. сияқты компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында бірлескен жобаларды іске асыру және жоғары технологиялық өнімдерді өндіру бойынша өндіріс орындарын ашу бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің орынбасары «Wilo Smart Factory» жаһандық өндіріс кешеніне барды. Кешенге барған кезде «WILO» компаниясының президенті Оливер Гермес жаңа өндірістік-логистикалық кешенді таныстырды. Оның шеңберінде фабрикада робот техникасы және автоматтандыру саласында жетекші технологиялар, сондай-ақ оңтайлы жасалған материалдар легі және өндіріс алаңының тиісті жоспары енгізілді.
Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Қазақстандық статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылда екі ел арасындағы өзара сауда 10,5%-ға артып, 2,1 млрд. долларды құраған.
Өткен жылы Германиядан Қазақстанға келген тікелей шетел инвестициясы 400 млн. долл. болды, онда қазір 1000 неміс және бірлескен компаниялар қызмет етеді, ал жалпы инвестиция 5,2 млрд. долл.асты. Шамамен 90% неміс инвестициясы шикізат секторына құйылады.