Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Infineon Technologies AG» компаниясының Берлиндегі бюросының директоры Сибил Роосендальмен кездесті

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Infineon Technologies AG» компаниясының Берлиндегі бюросының директоры Сибил Роосендальмен кездесті

Берлин, 5 ақпан 2020 г. – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Infineon Technologies AG» компаниясының Берлиндегі бюросының директоры Сибил Роосендальмен кездесті (Sibylle Rosendahl, Leiterin Verbindungsbüro Berlin).

Кездесу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Д.Кәріпов сұхбаттасушыны инвестициялық заңнаманы жетілдіру, іскерлік ахуалды жақсарту, Қазақстандағы шетелдік инвестицияларды қолдау және ынталандыру бойынша қазақстандық тараптың қабылдаған шаралары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, дипломатиялық миссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Германияға 2019 жылғы желтоқсандағы сапарының нәтижелерімен бөлісіп, оның барысында Мемлекет басшысы неміс инвесторлары үшін айрықша жағдайларды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардағы салықтан босату режимін, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді және ынтымақтастық үшін арнайы кеңселер құруды ұсынғандығы туралы хабарлады.

Берлин бюросының директоры өз кезегінде компанияның бағыттары мен Infineon Technologies AG компаниясының 2019 жылға арналған экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың аспектілері бойынша пікір алмасу болды. Компания өкілі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы, «Астана-хаб» халықаралық технопаркінің қызметі және инновациялық зертханаларды құруға қатысу мүмкіндігі туралы қызығушылық танытты. Кездесу қорытындылары бойынша тараптар ынтымақтастық туралы өзара тиімді ұсыныстарды зерделеп, жақын арада компания басшылығы деңгейінде талқылауға келісті.