
БЕРЛИН, 2020 жылғы 28 ақпан - ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Н.Сұлтанов және С. Оразбековпен кездесті. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдегі оқуын табысты аяқтаған соң, бірнеше жыл қазақстандық ұйымдарда жұмыс істеген ревервшілер қазіргі уақытта құрылыс материалдары мен тұтыну тауарларын шығаратын неміс компанияларында жобалық инженер лауазымында қызмет атқарады. Іріктеудің бірнеше кезеңдерінен өткеннен кейін олар ресми түрде ПЖКР-ға қосылды. ҚР Президенті жанындағы кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мақұлдауынан кейін олар қазірден-ақ ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарында басқарушы қызметтерге үміткер бола алады.
Кездесу барысында Д.Кәріпов Елшілік қонақтарын ҚР мен ГФР арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы ресми сапарының оң қорытындылары мен Қазақстандағы неміс бизнесі үшін қарастырылған эксклюзивті шарттар туралы хабарлады. Елші кездесу қатысушыларын ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы мәселелерді жан-жақты талқылау үшін құрылған екіжақты алаңдар, атап айтқанда, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы, Қазақстан-Герман іскерлік кездесуі, Берлин Еуразиялық клубының және т.б. қызметімен таныстырды.
Президент резервшілері түрлі бағыттар бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға, сондай-ақ неміс компанияларымен серіктестік байланыс орнату және Қазақстан экономикасына ГФР инвестициясын тартуға қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.