ҚР ГФР-дағы Елшісі Герман Бундестагының мүшесімен кездесу өткізді.

ҚР ГФР-дағы Елшісі Герман Бундестагының мүшесімен кездесу өткізді.

Ү.ж. 12 наурызында Германияның Федералдық парламенті (Бундестаг) ғимаратында ГФР-дағы ҚР Елшісі Д.Кәріповтың неміс Еркін демократиялық партиясының депутаты Михаэль Георг Линкпен(Michael Georg Link) кездесуі өтті.

Сұхбат барысында парламентаралық екіжақты қатынастардың бірқатар аспектілері талқыланды. Д. Кәріпов Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы сапары және оның ақпан айында қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясына қатысуы, республикада адам құқықтарын қорғаудағы қоғамды демократияландыру бойынша жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі бағыттары туралы айтып өтті. 

Сұхбаттасушылар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ екі елдің экономикалық және білім беру саласындағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясындағы байланыстарды жалғастыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті мен Германия Бундестагының арасындағы саяси диалогты күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.