
БЕРЛИН, 2020 ж. 31 қаңтарда -- ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігі, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен «Әлем таныған Абай» кітап-иллюстративтік көрмесі мен «Абай әлемі» фотокөрмесімен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара Берлин мемлекеттік кітапханасының ғимаратында өтті. Шараға Германия мен Қазақстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық-саяси, ғылым және мәдениет өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы У. Есдәулет бастаған абайтанушы, қазақ диаспорасы, сондай-ақ ГФР-да оқитын біздің студенттер қатысты.