Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Астана, 2024 ж. 21 мамыр - Бүгін Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық комиссиясының 20-шы мерейтойлық отырысы өтті.

Қазақстандық тараптан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал неміс тарапынан Федералдық үкіметтің қоныс аударушылар және аз ұлт істері жөніндегі өкілетті уәкілі, Бундестаг депутаты Натали Павлик төрағалық етті.

Жиналыстың күн тәртібінде мәдениет, білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы екіжақты ынтымақтастық, экономикалық өзара іс-қимыл және бизнес байланыстарды ынталандыру, визалық режимді жеңілдету мәселелері болды.

Комиссия отырысында көпұлтты Қазақстанның ажырамас бөлігі болып табылатын этникалық немістерді қолдау мәселесінде екі жақтың ынтымақтастығының белсенділігі және олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілетуі маңызды екені айтылды.

Отырыс барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федералдық Үкіметі арасындағы Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі ынтымақтастық берік іргетасқа негізделетінін және екі тараппен де жақсы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл екі тарап үшін бір-бірін қолдау саясатын жалғастыру және одан әрі дамыту үшін жақсы негіз болып табылады. Мәдениет, білім беру және әлеуметтік салада қолдау көрсету мақсатында екі елдің үкіметтері жүзеге асырған нәтижелі шаралар Қазақстанда тұрып жатқан этникалық немістердің жарқын болашаққа ие болуына және сол арқылы екі мемлекет арасындағы жақсы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға өздерінің маңызды үлесін қосуға ықпал ететін болады».

Неміс тарапының өкілі Н.Павлик өз кезегінде қазақстандық немістердің атқаратын маңызды рөлін атап өтті. «Қазақстанның этникалық немістері екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосуда және Германия үкіметі өзара іс-қимылдың осы бағытын нығайту жөніндегі күш-жігерді қолдайды», - деді ол.

Тараптар екі мемлекетті байланыстыратын «жанды көпірді» нығайту үшін өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Іс-шара аясында екі елдің Үкіметтерінің Қазақстанда тұратын этникалық немістерді қолдау мақсатында бірлескен шаралар мен жобаларды көздейтін Коммюникеге қол қойылды.