
Астана, 2024 ж. 15 мамыр - Сәрсенбі күні, Қазақстан астанасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер салтанатты түрде ашуымен Берлин Еуразиялық Клубының мерейтойлық 40-шы отырысы өтуде.
Мемлекеттік органдар, іскерлік қауымдастықтар, сараптамалық, ғылыми және бизнес-қоғамдастық, жоғары және орта кәсіптік оқу орындары өкілдерінен құралған екі елдің делегациялары Жаңа институционалдық және құқықтық шеңберлерде шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімді іске асыру және Қазақстан мен Германия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы туралы өзекті тақырыптар бойынша талқылаулар өткізді.
«Германия экономикасының шығыс комитеті» Қазақстанның екіжақты сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудағы бұрыннан келе жатқан және сенімді институционалдық серіктесі бола отырып, екі ел экономикаларының әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосуда. Біздің мемлекет басшыларымыздың қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан мен Германия Үкіметтерінің сындарлы диалогы өз жемісін беруде», - деп атап өтті Роман Скляр.
«Германия қазіргі таңда тасымалдау және өндіріс тізбектерінің тұрақтылығын арттыру мақсатында өзінің сыртқы экономикалық байланыстарын әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Бұл тұрғыда Қазақстан Федералдық үкіметтің мақсаттарына қол жеткізуде негізгі серіктестердің бірі бола алады», - деді К.Клаас-Мюльхойзер.
Белсенді пікірталастар барысында тараптар Қазақстан мен Германия экономикаларының көп жағынан комплементарлы екендігі және «шикізатты технологияға айырбастау» формуласы бойынша өзара тиімді ынтымақтастық әрі тараптар үшін «Win-Win» нәтижелерін қамтамасыз етілгендігі туралы ортақ пікірге келді. Елде бизнес жүргізу үшін барлық қажетті негіздемелік жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, жаһандық климат пен халықаралық саясаттағы өзгерістер аясында Қазақстан мен Германия тұрақты ауыл шаруашылығын дамытудағы ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытуда.
Анықтама: Берлин Еуразиялық клубы (БЕК) 2012 жылы құрылды. Клубтың қызметі Қазақстан, Орталық Азия және Еуропалық Одақ арасындағы қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық және білім беру салаларындағы диалогты қолдауға бағытталған. Екіжақты алаңда саясаткерлер, бизнесмендер, ғалымдар мен сарапшылар біздің екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «иық теңестіріп», ашық пікір алмасу және ынтымақтастық бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жиналады.