Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестагтың депутаттары Даниэла Де Риддер мен Фолькер Ульрихпен кездесті

Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестагтың депутаттары Даниэла Де Риддер мен Фолькер Ульрихпен кездесті

2020 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестаг ғимаратында неміс депутаттары ДаниэлаДе Риддер (Социал-демократиялық партия) және Фолькер Ульрихпен (Христиан-демократиялық одағы) жеке кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларға Республикада қазақстандық қоғамды демократияландыру, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, адам құқықтарын қорғау және ел экономикасын модернизациялау бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып берді. Сонымен қатар, Елші Германия сияқты түйінді елдермен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар Д.Кәріпов ҚР Президентінің 2019 жылғы желтоқсанда ГФР-ға жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаңа серпін бергенін атап өтті. Елші Мемлекет басшысының неміс инвесторларына арналған преференциялық шарттар құру және ҚР-да бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шараларымен таныстырды. Осы мақсатта ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Р.Скляр басшылық ететін Үкіметтік Жұмыс тобы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер мен түйіткілдерді жедел әрі құқықтық тұрғыда шешу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат екі ел арасындағы «жанды көпір» ретінде қызмет атқаратын Қазақстандағы 180 мың адам санайтын неміс қоғамдастығының және Германиядағы 900 мыңнан астам бұрынғы отандастарымыздың қазақстан-герман дипломатиялық қатынастарын және ауқымды сауда-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудегі қосып жатқан үлесіне айрықша көңіл аударды.

Өз тарапында Де Риддер ханым және Ульрих мырза Қазақстанда жүйелі саяси түрлендіру және экономикалық реформалар нәтижесінде болып жатқан позитивті өзгерістергеоң баға бере отырып, сыртқы саясаттағы басымдықтар тұрғысынан Орталық Азияның Германияда ғана емес, жалпы ЕО-да өсіп келе жатқан маңыздылығына назар аударды.

Кездесу соңында тараптар парламентаралық ынтымақтастық аясында диалогты жалғастыруға келісті.