ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестагтың бұрынғы мүшесі Юрген Климкемен кездесті

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Бундестагтың бұрынғы мүшесі Юрген Климкемен кездесті

БЕРЛИН, 2020 жылғы 17 маусым – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Германия Бундестагының бұрынғы мүшесі (2020-2017 ж.ж.) Экономикалық ынтымақтастық пен даму жөніндегі комитет құрамындағы ХДО/ХӘО  басқарушы коалициясы парламенттік тобының төрағасы Юрген Климкемен кездесті.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасушыға ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың өткен жылы Берлинге жасаған сапарының негізгі қорытындылары және Қазақстан-Германия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастың өзекті жағдайы туралы хабардар етті. 1984 жылдан бері «Industrie-Contact» гамбургтік ірі PR агенттігін басқарып келе жатқан Ю.Климке қазіргі Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, туристік әлеуетін, мәдениеті мен жетістіктерін Германияда дәріптеуге бағытталған имидждік жобаларды алға тарту перспективасына ерекше қызығушылық білдірді. Бұл тұрғыда ол тиісті имидждік, оның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайындағы стратегияларды қалыптастыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Сұхбат соңында Д. Кәріпов пен Ю.Климке қазақстандық іскер топ өкілдерінің Германияның аса ірі теңіз порты (үлкендігі жөнінен Еуропадағы үшінші теңіз порты) және «Жаңа Жібек жолы» жүк таситын теміржол бағытының соңғы нүктесі болып табылатын Гамбургпен экономикалық байланысын жандандыру жөніндегі мәселелерді талқылады.