
БЕРЛИН, 2020 жылғы 15 маусым – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов неміс мемлекеттік қайраткері, Германияның бұрынғы Федералдық канцлері (1998-2005 ж.ж.) Герхард Шрёдермен кездесті.
Сұхбат барысында COVID-19 пандемиясы себебінен туындаған жаһандық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан-Германия сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасының даму перспективалары, сондай-ақ екіжақты және көп жақты ынтымақтастық мәселелерін талқыланды.
Неміс саясаткері Қазақстанда саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар өткізуді құптап, елге одан әрі табыс тіледі.