
БЕРЛИН, 2024 жылғы 16 ақпан. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен Германия Федеративтік Республикасының Экономика және климатты қорғау Федералдық министрлігінің сыртқы экономикалық саясат жөніндегі директоры Доминик Шнихельс тең төрағалар ретінде Берлинде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық жұмыс тобының (ҮЖТ) 14-ші отырысына бастама берді.
Жиын күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан мен Германияның экономикалық жағдайы, екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың дамуы, энергетика, экология, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, көлік, логистика және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық, білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ шикізат саласындағы әріптестік, үкіметаралық келісім шеңберіндегі кооперация туралы мәселелер қарастырылды.
Екі тараптың сыртқы экономикалық байланыстарды әртараптандыруға деген ұмтылысы, тасымалдау және өндірісті жолдарын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанда белсенді жалғасып жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығы үшін жаңа перспективалық мүмкіндіктер ашуда.
«Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық әріптестік деңгейін тағы да растау мақсатында үкіметаралық жұмыс тобының бүгінгі отырысында басым бағыттардағы іске асырылатын жобаларды айқындауға мүмкіндік беретін жемісті келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі келісімдеріміз – осындай екіжақты алаң, үкіметтік және іскер топтарды жақындастыруға, негіздемелік жағдайларын жақсартуға әрі өзара сауда мен инвестицияларға дамуына көмектесуге үлес қосатындығының анық айғағы. Қазақстан-бірегей мүмкіндіктері бар табиғи ресурстарға бай ел. Германия елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформалар аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі», - деді неміс делегациясының басшысы, Германия тарапынан тең төраға Доминик Шнихельс.
Қазақстан мен Германияның стратегиялық синергизмі, энергия тасымалдау маршруттарымен қоса, құрлықаралық көлік маршруттарының қиылысындағы ыңғайлы географиялық орналасуы Республикамыздың өңірлік инвестициялық хаб және әлемдік энергетикалық аренасындағы негізгі ойыншылардың бірі мәртебесін күшейтеді.
Бұл тұрғыда Германияның ғылым және саясат қоры (SWP) алғаш рет Қазақстанды яғни әлемдік саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді білдіретін «Орта державалар» қатарына қойғанын атап өткен жөн (мұндай елдердің саны небәрі 12).
«Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХТБ немесе орта дәліз) дамыту Қазақстан үшін Еуропаға энергоресурстар мен стратегиялық тауарларды сенімді тасымалдаушы ретінде үлкен маңызға ие. Германиямен ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарының бірі - Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайту. Біздің Ел үшін Германия индустриалды держава ретінде ең қолайлы серіктес болып табылады. Қазақстан Үкіметінің алдында ірі жеке инвестицияларды тарту, бизнес үшін институционалдық тартымды ортаны құру және заңнамалық реттеуді үйлестіру міндеті тұр», - деді Министр Қанат Шарлапаев.
Елдегі индустриалды даму адам капиталсыз және жоғары еңбек өнімділігінсіз мүмкін емес. Осыған байланысты, ынтымақтастықты кеңейтудің тағы бір маңызды бағыты Германияның жаңартылатын энергия және су ресурстары секторларындағы жасыл экономика шеңберіндегі жобаларды іске асырудағы тәжірибесін қолдану арқылы Қазақстанда дуальды білім беруді дамыту керектігі талқыланды.
Қазақстандық делегация неміс әріптестерін экономиканы әртараптандыруға, жаңа бірлескен өндірістер ашуға, Германияның энергетикалық, азық-түлік және шикізат қауіпсіздігін нығайтуға, озық неміс технологияларын енгізуге және өзара тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға шақырды.
Справочно: 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Германия ЖІӨ көлемі бойынша Жапонияны басып озып, әлемнің үшінші экономикасына айналды. Бұл Жапонияның ЖІӨ-нің екі рет техникалық құлдырауына (үшінші тоқсанда 2,9% және төртінші тоқсанда 0,4%) байланысты болды. Азия елінің экономикасы әсіресе ұлттық валютасы - иен бағамының күрт төмендеуінен қатты зардап шегуде. Экономистердің пікірінше, Жапон экономикасының әлсіреуі халық санының азаюына және өнімділік пен бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде Жапонияның ЖІӨ көлемі 4,2 трлн АҚШ долларын құрады. Сонымен бірге, 2023 жылы ГФР экономикасының көлемі 4,5 трлн АҚШ долларына жетіп, оның былтырғы жылдың соңында 0,3% - ға төмендеуіне қарамастан, үшінші орынға шығуға мүмкіндік берді.