Қазақстан мен Германия фермерлер арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуде

Қазақстан мен Германия фермерлер арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуде

Берлин, 18 қаңтар. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков "Қазақстанның аграрлық секторын дамыту: инвесторлар үшін мүмкіндіктер" атты дөңгелек үстел барысында неміс әріптестерімен кооперацияны кеңейту перспективалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Екі елдің агробизнес өкілдерінің кездесуі "GFFA" Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы Форумы және осы күндері Берлинде өтіп жатқан әлемдегі ең ірі "Жасыл апта" аграрлық көрмесі аясында өтті.

Вице-министр қазіргі таңда аграрлық салада екіжақты әріптестікті арттыру үшін айтарлықтай іске асырылмаған әлеует бар екенін атап өтті. Ол министрліктер, салалық бірлестіктер мен Қазақстан мен Германияның ауыл шаруашылығы өндірушілері арасындағы байланыстарды жандандыруды ұсынды.

Қазақстандық агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық тартымдылығының негізгі факторларының қатарында Е. Тасжүреков жер ресурстарын, қолайлы климаттық жағдайлар мен адами капиталды атап өтті.

Вице-министр өз сөйлеу сөзінде неміс әріптестерінің назарын қазақстандық АӨК-нің ағымдағы жағдайы мен даму мақсаттарына, сондай-ақ сектордағы инвесторлар мен инвестициялық жобалар үшін қолайлы негіздемелік шарттарға шолуға аударды.

Өңірлерде АӨК дамыту әлеуеті және агробизнесті қолдау бағдарламалары туралы Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыс әкімдерінің орынбасарлары Бауыржан Асанов және Нұрымбет Сақтағанов толығырақ айтып берді.

Қазақстандық тарап астықты терең өңдеу, майлы дақылдарды, картопты, қант қызылшасын, жемістер мен көкөністерді, ет пен сүтті қайта өңдеу, сондай-ақ балық өсіру және балалар тағамын өндіру саласындағы жобаларды дамытуға мүдделі.

Claas, HORSH, "PETKUS Technologie GmbH" және басқа неміс компанияларының Қазақстандағы жұмыс тәжірибесі екі елдің жемісті көпжылдық ынтымақтастығының жақсы мысалдары болып табылады.