
БЕРЛИН, 2020 жылғы 28 мамыр – Видеобайланыс арқылы ҚР Сыртқы істер министрінің Орынбасары Алмас Айдаров пен РФ, БР және Орталық Азиядағы «Siemens AG» компаниясының Президенті Александр Либеровтың кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов, ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова, ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Іс-шара аясында 2020 жылғы 14 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Siemens AG» компаниясының Басқарма төрағасы Джо Кэзермен Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы алаңында болған кездесуінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы жан-жақты қарастырылды. Одан басқа 2020 жылғы ақпанда ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр мен «Сименс Россия» ЖШС Президенті АЛиберов қол қойған ҚР Үкіметі мен «Siemens AG» компаниясы арасындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді қарым-қатынас орнату үшін негіз ретіндегі өзара түсіністік туралы Меморандумды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар индустриялық автоматтандыру, ұтқырлық және денсаулық сақтау, «ақылды» электр желілері элементтерін енгізу, цифрлық трансформация зертханаларын салу және электр генерациясы саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Кездесу соңында тараптар осындай іс-шараларды арнайы құрылған жұмыс тобы шеңберінде де тұрақты түрде өткізуге келісті.