Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағалары Т.Құлыбаев пен Н.Варбаноффтың алғашқы онлайн кездесулері өтті

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағалары Т.Құлыбаев пен Н.Варбаноффтың алғашқы онлайн кездесулері өтті

Берлин, 2020 жылғы 26 мамыр – ГФР-дағы ҚР Елшісі Дәурен Кәріпов стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағалары – «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен халықаралық жобалар жөніндегі «Deutsche Bahn AG» аса ірі неміс компаниясының Директоры, «DB Engineering & Consulting» компаниясының төрағасы Нико Варбаноффтың кездесуіне қатысты. Видеоконференция түріндегі кездесу алғаш рет неміс тарапының жаңадан тағайындалған тең төрағасы Н.Варбаноффтың қатысуымен өтті. Кездесуді ГФР-дағы ҚР Елшігі, «Атамекен» ҰКП, ҚР Сыртқы сауда палатасы, Герман экономикасының Шығыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Аян Еренов, ҚР-дағы ГФР Елшісі Тило Клиннер, ГЭШК және «Deutsche Bahn AG» басшылары қатысты.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2020 жылдары ГФР-ға ресми сапарлары барысында қуатты қосымша серпін берілген ҚР мен ГФР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды.

Өз сөзінде Т.Құлыбаев Н.Варбаноффты төраға лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚР мен ГФР арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімді жүзеге асыру жөніндегі жобалар аясында бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін атап айтты. Одан басқа Т.Құлыбаев неміс компаниялары басшыларымен болған Мемлекет басшысының кездесулерінде алғаш рет айтылған ҚР Үкіметі мен квазимемлекеттік сектордың неміс бизнесіне арналған теңдессіз қолдауларын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Н.Варбанофф екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, өзара тиімді іскерлік байланыстарды, түрлі салалардағы тәжірибе мен технологиялар алмасуды кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Кездесу аясында тараптар екі ел үкіметтерінің коронавирус пандамиясына байланысты дағдарыстың жағымсыз экономикалық салдарын азайту бойынша қолданып жатқан шаралары туралы ақпаратпен алмасты және алдын-ала 2020 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесін келістірді.