
БЕРЛИН, 2019 жылғы 24-25 маусым - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Еуропаның, АҚШ-тың, Азияның және Африканың авиациялық өнеркәсібінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген тәуелсіз кеңесші Вольфганг Йоахим Вебермен кездесті. Бұдан бұрын ол Вашингтонда (2000-2003 жж.) «Lufthansa» компаниясының Корпоративтік басқару және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті және Брюссельде (2003-2010 жж.) Еуропалық және Американдық үкімет істерінің вице-президенті ретінді жұмыс атқарған болатын.
Кездесу барысында әуежайларды жаңғырту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мысал ретінде Мюнхен әуежайының қызметі жыл сайын шамамен 46,3 миллион жолаушыға қызмет көрсетіп, 74 мемлекеттен 106 авиакомпаниямен және 264 бағытқа рейстермен жұмыс істейтін «Skytrax» индустриясының түрлі марапаттарының иегері болды. Әуежайды модернизациялау оның экономикалық және қаржылық қызметін айтарлықтай жақсартты. Персоналды басқару мен оқытуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстандағы позитивті неміс тәжірибесін таратуға мүдделі ұйымдарға тиісті ақпаратты жіберуге келісті.
Сонымен қатар, 25 маусымда Елші Германияның «Либералдық орта бизнес» Федералды қоғамдық ұйымының Федералды кеңесінің мүшесі, жаңадан құрылған Қазақстан-Германия экономикалық және мәдени форумының (KAGEF) Бас хатшысы Кристиан Гросспен кездесті.
Кездесу барысында "КAGEF" - 2019 жылдың 3 маусымында Берлинде өткен және Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толуына арналған «Қазақстан-Германия: 27 жылдық серіктестік» атты халықаралық конференцияның нәтижелері қаралды. Сонымен бірге, сұхбаттасушылар жыл соңына дейін KAGEF-ке, оның ішінде оқыту, қайта даярлау және дуалды білім беру бойынша конференцияға қатысты жоспарланған іс-шараларды талқылады.
Сондай-ақ К.Гроссе, 2019 жылдың мамыр-маусым айларында Қазақстан-Германия ынтымақтастығы арқылы іс-шараларға қатысу аясында Қазақстанның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына бару туралы өзінің ерекше естеліктері мен әсерлерімен бөлісті. К. Гроссе, оған қазақстандықтардың достық сізімі, қонақжайлылығы, ғажайып табиғаты мен керемет архитектура ерекше әсер еткендігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.