Қазақстанның Республика күні Берлинде тойланды

Қазақстанның Республика күні Берлинде тойланды

БЕРЛИН, 2023 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында ҚР Германиядағы Елшілігі ресми қабылдау өткізді.

Іс-шараға Германияның отставкадағы Федералдық Президенті Хорст Көлер, министрлердің орынбасарлары мен министрліктердің мемлекеттік хатшылары, Германия федералдық үкіметінің жоғары лауазымды мүшелері, Бундестаг депутаттары, ГФР-да тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, неміс бизнесінің өкілдері мен сарапшылары қатысты.

Мерекелік қабылдау «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандарымен ашылды.

ҚР Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру арқылы демократияны, экономикалық дамуды және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ұмтылатынын атап өтті.

Елші Н.Онжанов Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалады. Ү.ж. маусым айында Германия Федеративтік Президенті Ф.-В.Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары осының айғағы болды. Үш айдан кейін, 28-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ресми сапармен Берлинге келді.

Екі сапардың нәтижесі бірқатар маңызды келісімдер болды, олардың орындалуы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді. Өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық, энергетика, шикізатты өндіру және өңдеу, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, ғылым және мамандар даярлау саласындағы өзара іс-қимыл үшін мүмкіндіктер ашылып отыр.

Екі елдің бәсекелестік артықшылықтары әрқашан бірін-бірі толықтырып келеді. Сондықтан Қазақстан мен Германияның экономикасы өзара объективті тартымдылыққа ие екені анық, өйткені дамып келе жатқан ынтымақтастық екі мемлекет үшін де өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық дипломат Германия сөзсіз Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық әріптесі екенін айтты.

Қабылдауда Германияның федералдық үкіметі атынан Федералдық Сыртқы істер министрлігінің климаттық сыртқы саясат және геоэкономика жөніндегі директоры Оливер Рентшлер құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан халқын ұлттық мерекелерімен құттықтап, одан әрі өркендеу тіледі.

Берлиндегі салтанатты қабылдауда музыка, би және ұсынылған ұлттық аспаздық тағамдар арқылы Қазақстанның өнері мен мәдениеті көрсетілді. Қабылдау Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз және достық байланыстарды растады.