Қазақстан Республикасы күні аясында неміс жұртшылығы қазақ мәдениетінің әлеміне шомды

Қазақстан Республикасы күні аясында  неміс жұртшылығы қазақ мәдениетінің әлеміне шомды

БЕРЛИН, 2023 жылғы16 қазан– Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында бүгін Германия астанасының орталығында, «Meistersaal» залында Маңғыстау облысының «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би тобының концерті өтті.

Кеш қонақтары қазақ мәдениетінің әлеміне шомып, Қазақстанның рухын, оның байлығы мен сұлулығын сезіне алды. «Тұғырлы тұран, өміршең өркениет» атты концерттік бағдарлама аясында көрермендер қазақтың дәстүрлі халық әндері мен қазақ композиторларының шығармаларының заманауи интерпретацияларының бірегей үйлесімін тамашалады.

Неміс қонақтары қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, саз сырнайын тамашалады. Өнерлерін паш еткен ансамбль мен би ұжымы көрермендерді тәнті етті.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов «Ақшағыл» ансамблі мен «Жорға» тобын жұртшылыққа жақынырақ таныстырып, олардың қазақ мәдениетінің алуан түрлілігін көрсететін дәстүрлі қазақ музыкасы мен биін орындаудағы бірегейлігін атап өтті. Қазақстандық дипломат музыканттардың қазақстандық танымал киім дизайнері Тәрбия Айдымбаева жасаған стильді бейнесін атап өтті.

Н.Тілендиевтің «Аққу», Қ.Жұмағалиевтің «Замана жыры», А.Қуандықтың «Түбек сазы», Д.Шәкіровтың «Арулар шеруі» және т.б шығармалары орындалған концерттік бағдарлама неміс жұртшылығын тәнті етті. Көрермендердің көпшілігі И.-С.Бахтың шығармасын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындалғанын бірінші рет естіді.

Германияның отставкадағы Федералдық президенті Хорст Кёлер концерттен алған әсерлерімен бөлісіп, қазақ әртістердің талантын, музыканың тамашалығын және керемет қойылымды ерекше атап өтті.

Германия Бундестагының депутаты, Мәдениет және БАҚ комитетінің төрағасы Катрин Будде концертте қазақ музыкасын тыңдай отырып, өзін бір сәтте Қазақстанда жүргендей сезіне алғанын, соңдай-ақ мәдениетті Қазақстан мен Германия халықтарын жақындастыратын көпір ретінде қарастыратының атап өтті.

Концерт қалың қол шапалақтаумен аяқталып, Германия астанасы тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырып, неміс жұртшылығы арасында қазақ мәдениетінің танымал болуына, сондай-ақ екі мәдениеттің жақындасуына ықпал етті.

Республика күнін мерекелеу аясында «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би тобы да Мюнхен мен Майндағы Франкфурт қалаларында концерт береді.