АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫН ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫН ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ

Құрметті Ханымдар мен Мырзалар,

Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің консулдық бөлімі 2020 жылдың 11 мамырынан бастап күнделікті өз жұмысын бастады.

Консулдық қабылдау шектеулі көлемде және қатаң түрде алдын-ала жазылу тәртібімен жүргізіледі.

Қабылдауға алдын-ала жазылу телефон нөмірлері: 030 47007160/164 (14.30-дан 16.30-ға дейін).

Елшіліктің консулдық бөлімінің ғимаратында қорғаныс маскалары мен қолғаптарды міндетті түрде қолдану қажет және бір уақытта екі адамнан артық кіруге болмайды.

Консулдық аймағы: Берлин, Бранденбург, Мекленбург Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония- Ангальт.

Қабылдау уақыты: сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 09.00-дан 12.00-ге дейін.

Сәрсенбі, демалыс күндері, сондай-ақ неміс және қазақстандық мейрам күндері жабық.