ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «dena» неміс энергетика агенттігінің Атқарушы директоры Кристина Хаверкамппен кездесті

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «dena» неміс энергетика агенттігінің Атқарушы директоры Кристина Хаверкамппен кездесті

БЕРЛИН, 2020 жылғы 11 мамыр – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «dena» компаниясы неміс энергетика агенттігінің Атқарушы директоры Кристина Хаверкамппен кездесті.

Кездесу барысында өнеркәсіп секторындағы энергетикалық үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ қалалық және муниципалдық энергетикалық инфрақұрылым мен инновацияның тұрақты дамуына бағыталған шаралар талқыланды. Дәурен Кәріпов сұхбаттасушыға Қазақстан-Германия қарым-қатынасының қазіргі мәртебесі, Мемлекет басшысының ГФР-ға жасаған сапарларының оң нәтижелері  және оның Қазақстандағы неміс бизнесіне арналған ерекше, эксклюзивті шарттар мен преференциялар ұсыну жөніндегі бастамалары туралы хабардар етті. Дипломатиялық өкілдік басшысы сондай-ақ ГФР-мен стратегиялық экономикалық серіктестік жөніндегі ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр басшылық ететін, салалық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының орынбасарларынан құралған үкіметтік жұмыс тобының құрылғанын хабарлады.

Кристина Хаверкамп өз кезегінде компанияның жұмыс бағыттары туралы айтты, Қазақстанда жүзеге асырылған жобалар тарихын ұсынды және 2020 жылға арналған жоспарлар мен бастамаларды таныстырды. Кездесу барысында тараптар 2019 жылғы желтоқсанда қол қойылған энергетикалық үнемдеу және энергетикалық тиімділік салаларындағы стратегиялық серіктестік туралы Меморандум аясындағы ынтымақтастықтың ықтимал аспектілері жөнінде пікір алмасты. DENA-мен ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы елдің энергетикалық тиімділігін 2030 жылға дейін арттырудың ұзақ мерзімді және секторлық шеберлік-жоспарын әзірлеу қарастырылуда.

Кездесу аясында сондай-ақ ҚР мен ГФР-дағы коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыстың жағымсыз экономикалық салдарын еңсеру және бұл жағдайда бизнесті қолдау шаралары туралы ақпарат алмасу орын алды.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара ұсыныстарды зерделеуге және жақын уақытта компания басшылығы деңгейінде талқылау өткізуге келісті.

Германияның энергетикалық агенттігі (dena) энергетикалық тиімділік пен жаңғыртылатын энергия көздерін қолдану саласындағы федералдық сарапшы орталық болып табылады. Федералдық үкімет бастамасымен 2000 жылы күзде жауапкершілігі шектеулі жеке серіктестік (GmbH) ретінде құрылған агенттік қызметінің негізгі бағыты – энергияны оңтайлы қолдану және жаңғыртылатын энергия көздерін интеграцияландыру тұрғысында энергия жүйесін перспективалық дамыту.