ГФР-дағы ҚР Елшісі Д.Кәріпов неміс ГСДП депутаты Маркус Хельдпен кездесті

ГФР-дағы ҚР Елшісі Д.Кәріпов неміс ГСДП депутаты Маркус Хельдпен кездесті

Ү.ж. 6 мамырда ҚР Елшлілігінің ғимаратында ГФР-дағы ҚР Елшісі Д.Кәріповтың неміс ГСДП депутаты Маркус Хельдпен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында парламентаралық екіжақты қатынастардың бірқатар аспектілері талқыланды. Д.Кәріпов Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы Берлин қаласына сапары, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі бағыттары туралы айтып өтті.

Сұхбаттасушылар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ екі елдің экономика және саясат саласындағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар екіжақты экономикалық және парламентаралық ынтымақтастықты және саяси диалогты одан әрі дамыту аясындағы байланыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.