
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының 26 - бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар үшін МӘМС-ға жарналарды мемлекет жасайды.
Алайда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Ұлттық білім беру деректер базасы ақпараттық жүйесінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері жоқ, себебі Қазақстан аумағында аталған тұлғалар студенттер ретінде тіркелмеген. Тиісінше, олар үшін МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер алу мүмкін емес.
Студент мәртебесін өзектендіру үшін egov.kz электрондық үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу бойынша қызметті әзірленді.
Студент egov.kz электрондық үкімет порталында «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде оқуын растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) тіркеу арқылы өтініш беруі тиіс.
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тұрақты сақтандыру мәртебесін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қалай ала алады?
1-қадам. Электрондық үкіметтің (egov.kz) сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз (https://egov.kz/cms/kk/services/university_degree/6-51pass_mon).
2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттер дітіркеу» тармағын таңдаңыз
3-қадам. Өтініштітолтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз.
4-қадам. Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.