Ақтауда Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институты ашылды

Ақтауда Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институты ашылды

АҚТАУ, 2023 жылғы 21 маусым – Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында ү.ж. 21 маусымда Маңғыстау облысына барды. Бұл Қазақстан тарихында еуропалық көшбасшының батыс өңірге жасаған алғашқы сапар және Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастарының жоғары деңгейін көрсетеді.

Ақтауға сапары барысында Штайнмайер мырза Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің жанындағы Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының салтанатты ашылуына қатысты. Университетті құру туралы Алматыдағы Қазақ-Неміс университеті мен Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы құжатқа тараптар осыдан бір күн бұрын Астанада Қазақстанның және Германияның жоғары оқу орындары ректорларының алғашқы форумы барысында қол қойылды. Сондай-ақ, Форум аясында Германияның техникалық университеттерінің қатысуымен Институт консорциумын құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Каспий теңізі жағалауындағы өңір үшін бұл айтулы оқиға және ол Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін одан әрі жақсартуға, еуропалық стандарттар бойынша мамандарды даярлауға және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Франк-Вальтер Штайнмайердің пікірінше, бұл жобаны жүзеге асыру елдеріміз арасындағы ғылыми алмасуды жаңа деңгейге көтеріп, өзара білім беру саласындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтіп, экономиканың түрлі секторлары үшін болашақтың тиісті кадрларын даярлауға мүмкіндік береді.

Жаңа техникалық институтта студенттер озық неміс инженерлік тәжірибесі бойынша білім алып, әсіресе Маңғыстау облысындағы жасыл сутегі өнеркәсібінің білікті маманы бола алады.

2023-2024 оқу жылында екі білім беру бағдарламасы – «Энергетика және экологиялық инженерия», сондай-ақ «логистика» бойынша 30 студентті қабылдау жоспарлануда.

Бағдарламалар 9 семестрден тұрады, оның 2 семестрінде студенттер ҚНУ-да және 3 семестр Германияның техникалық университеттерінде оқиды. Жалпы 8 бакалавриат және 6 магистратураны ашу жоспарлануда.

2030 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Институттағы студенттердің жалпы саны 1000 адамды құрайды деп жоспарлануда.