
АСТАНА, 2023 жылғы 20 маусым – бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германия Федеративтік Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің республикамызға мемлекеттік сапары басталады. Мәртебелі қонақты Астана әуежайында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
Сапардың бірінші күні екі мемлекеттің басшылары келіссөздер өткізіп, екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық күн тәртібі бойынша «сағат салыстырып», энергетикалық пен азық-түлік қауіпсіздігіне, және климатты қорғау тақырыбына ерекше назар аудара отырып, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
ГФР Федералдық президентінің делегациясы құрамына басқа мүшелермен қатар Мемлекеттік хатшы – Федералдық президенті ведомствосы кеңсесінің басшысы Дөрте Дингер, Германия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік министрі Тобиас Линднер, сондай-ақ Экономика және климатты қорғау федералдық министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Удо Филипп кірді.
Екі ел делегациясының қатысуымен өткен келіссөздерде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін іске асыру, экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу, сондай-ақ еліміздің транзиттік-көліктік мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия еліміздің Еуропадағы маңызды және сенімді саяси және экономикалық серіктесі, «Орталық Азия үшін су дипломатиясы» және «Жасыл Орталық Азия» сияқты стратегиялық маңызды бағдарламалардың бастамашысы ретінде және федералдық үкімет климатты қорғау, су мәселелерін шешу және қауіпсіздік саясаты мәселелеріне біздің аймаққа тұжырымдамалық қолдау көрсететінін атап өтті.
Федералдық президент Штайнмайер, өз тарапынан, Қазақстанда ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жалғастыру қажеттігіне назар аударды, оның пікірінше, бұл біздің республикамыздың демократиялық принциптерге, азаматтық қоғамды нығайтуға, сөз бостандығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға адалдығын айғақтайды.
Күн тәртібіндегі маңызды тақырып Қазақстан мен Германия арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту болды. Мемлекет басшысы Германия Президентінің ресми делегациясының құрамындағы Бундестаг депутаттарына, оның ішінде Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия елдерімен және Молдова Республикасымен қоғамаралық ынтымақтастық жөніндегі уәкілі, «Жасылдар» партиясының депутаты Робин Вегенерге ризашылығын білдіріп, «Қазақстан – Германия» және «Германия – Орталық Азия» парламенттік топтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ қазіргі халықаралық жағдайға және Қазақстан мен Германияның Еуразиядағы қауіпсіздік пен бейбіт диалогты сақтаудағы күш-жігеріне ерекше назар аударды. Осыған байланысты барлық қақтығыстарды шешуде халықаралық құқық қағидаттарын және Біріккен Ұлттар Ұйымының нұсқауларын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі мемлекет басшылары бірлескен баспасөз конференциясына қатысып, кездесу нәтижелеріне және Қазақстан-Германия саяси байланыстары мен экономикалық ынтымақтастықтың ілгері дамып келе жатқанына қанағаттанушылық білдірді. Журналистермен сұхбаттасу барысында екі ел басшылары күрделі геосаяси және геоэкономикалық факторлар Қазақстан мен Германиядан жаһандық сын-қатерлерге ортақ жауаптар мен жаңа шешімдер іздеуді талап ететінін атап өтті.
Елордамызда болу кезінде Федералдық президент «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойып, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барды.
Штайнмайермен бірге Қазақстанға Бундестаг депутаттары, экономикалық құрылымдар мен бизнес-қауымдастықтарының өкілдері, неміс университеттерінің ректорлары, сондай-ақ неміс журналистері кіретін ауқымды делегация барды.
Сапардың бірінші күнінде Президент Тоқаев пен Президент Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес-форумына қатысады.
Оған қоса сапар шеңберінде Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары ректорларының форумы өткізіледі.
21 маусымда Германия Президентінің Маңғыстау облысына сапары жоспарланған.