Біржақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Біржақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекциясының COVID-19 одан әрі таралуына жол бермеу үшін, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қарашаға дейін 57 мемлекеттің, оның ішінде Германия Федеративтік Республикасының азаматтарына біржақты визасыз режимі уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік жол жүруші Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтарына арналған     72 сағаттық визасыз режимі тоқтатылды.

Бұл шаралар уақытша енгізілген.