Қазақстандық спортшылар парада жүзуден Германияның 37-ші халықаралық чемпионатында жеңімпаз атанды
2023 жылғы 11-14 мамыр аралығында Берлинде парада жүзуден 37-ші Германия халықаралық чемпионаты өтті (https://idm-schwimmen.de/de/home.html). Қазақстан Республикасының атынан алты жас спортшы қатысты.
Жарыстың бірінші күні Алина Синельникова 4х50 метрлік эстафетада (аралас) қола жүлдегер атанды, ал Әмір Мұратбеков әлемдік біріншілікке қатысу қнормативін орындады.
13 мамыр күні Алина Дубинина 50 метрлік брасс бойынша Азия рекордын орнатты. Әмір Мұратбеков, Алина Синельникова, Алина Дубинина және Сиязбек Делиев 4х100 метрлік командалық эстафетада (аралас) әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегерлері болып атанды.
Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және оларға табыс пен жаңа рекордтар тілейміз!