Штутгартта Қазақстан мен Баден-Вюртемберг арасындағы экономикалық ынтымақтастық талқыланды

Штутгартта Қазақстан мен Баден-Вюртемберг арасындағы экономикалық ынтымақтастық талқыланды

ШТУТТГАРТ, 2023 жылғы 19 сәуір – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі Штутгарт қаласының әкімдігі мен Германия экономикасы Шығыс комитетімен бірлесіп ұйымдастырған Қазақстанның Баден-Вюртемберг федералдық жеріндегі экономикасы күні аясында басым бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті мен перспективалары талқыланды.

Іс-шараға Баден-Вюртемберг және Штутгарттың жергілікті органдарының, аймақтың жетекші кәсіпорындары мен бизнес-қауымдастықтарының, сарапшылар қауымдастығының 60-тан астам өкілдері қатысты.

Қазақстандық тарапынан үкіметтік және экономикалық делегация қатысты.

Іс-шараны Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов, Штутгарт қалалық мэриясының өкілі Константин Шнайдер және Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс алғы сөздерімен ашты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов мемлекетіміздің өнеркәсіп саласындағы әлеуеті туралы негізгі баяндамасында Қазақстан экономикасының өндірістік әлеуетін жаңғырту және дамыту, геологиялық қызметін нығайту және тиісті ресурстық базаны кеңейту барысы туралы хабарлады.

Баден-Вюртемберг федералдық женірің Экономика, еңбек және туризм министрлігінің министериалдық директоры Михаэль Клайнер Германияның жетекші экономикалық федералдық жерінің бірі болып табылатын аймақтың ағымдағы жоспарлары мен даму тенденцияларымен таныстырды.

Панельдік пікірталас барысында тараптар өзекті мәселелер мен экономиканың тиісті салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.

Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Ернар Жанаділ қордың қызметі, квазимемлекеттік секторды жекешелендіру барысы және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар туралы баяндады.

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін экономиканың басым секторлары, Қазақстан Республикасы Үкіметі берген преференциялар және шетелдік инвесторларға ұлттық компания тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтып берді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Ержан Елекеев экономиканың шикізаттық емес секторлары мен кәсіпкерлікті дамыту, шикізаттық емес өнімдердің экспортын қолдау, еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту сияқты негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдаудың негізгі қаржылық аспектілеріне тоқталды және қаржыландырудың қолжетімділігін, техникалық жарақтандыру деңгейін және агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірісті қарқындатуды арттыру, экономиканың урбанизациясын қолдау туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде «HeidelbergCement AG» басқарма мүшесі Эрнест Желито, «Herrenknecht AG» басқарма мүшесі Мартин Дэвид Херренкнехт және «Goldbeck Solar GmbH» басқарушы директоры Йоахим Гольдбек Қазақстандағы бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктері туралы тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Баден-Вюртембергте болған кезінде Елші Н.Онжанов Штутгарт қаласының мэрі Франк Ноппермен келіссөздер жүргізіп, онымен аймақтық ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету перспективаларын және әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды, соның ішінде 2009 жылы Штутгарт пен Алматы арасында қол қойылған ниет туралы келісімді одан әрі іске асыру мүкіндіктерін талқылады.

Экономика күні аясында қазақстандық делегация сонымен қатар Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі «Mercedes Benz», «Bosch» және т.б. бірқатар неміс компанияларының басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді.

 

Штутгарт - Баден-Вюртемберг федералдық жерінің астанасы және ең ірі қаласы, Германияның маңызды өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі.

Біздің дәуірімізге дейінгі 6 мыңжылдықта ауылшаруашылық елді мекені ретінде негізі қаланған Штутгарт бүгінде Еуропадағы ең ірі инновациялық орталықтардың бірі болып табылады, онда Daimler AG, Porsche, Bosch, Celesio, HP/Compaq Deutschland және IBM Deutschland сияқты ірі халықаралық корпорациялардың өкілдіктері орналасқан. Жалпы қосылған құн (барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы құны аралық тұтынуды шегергенде) 52 201 миллион еуро құрады, бұл бүкіл Баден-Вюртембергтің қосылған құнының 11%-нан сәл астамына сәйкес келеді.

Штутгарт қор биржасы Германиядағы Франкфурт қор биржасынан кейінгі екінші маңызды биржа болып табылады.

 

Баден-Вюртемберг – тұрғындар саны мен ауданы бойынша Германиядағы үшінші федералдық жері, экономикасы дамыған аймақ және елдегі жұмыссыздық деңгейі ең төмен жерлерінің бірі.

Баден-Вюртемберг жоғары технологиялық өнеркәсіпте, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және әзірлемелік саладағы 1886 жылы әлемдегі алғашқы автомобиль ойлап табылған Еуропалық Одақтың ең инновациялық аймағы ретінде сипатталады және және бүгінгі күні өнеркәсіптік сатылымның шамамен 30% автомобиль секторына, одан кейін машина жасау (шамамен 21%), металлургия және электротехника өнеркәсібіне (тиісінше 10% және 11%) келеді. Химия, фармацевтика және оптика өнеркәсібі де маңызды рөл атқарады.

Зерттеудің қарқындылығы ЖІӨ-нің 5,8% инвестициялайтын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларға жұмсалатын шығындардан көрінеді, бұл ЕО-дағы ең жоғары көрсеткіш.

Баден-Вюртембергте Audi Sport, Carl Zeiss, Heidelberger Druckmaschinen, IBM, Karl Storz, Mercedes-Benz Group, Testo, Voith, ZF Friedrichshafen сияқты әлемге әйгілі компаниялар, сондай-ақ Еуропадағы ең ірі бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші ​​SAP компаниясы орналасқан.

Экономиканың маңызды саласының бірі – баспа ісі. Германиядағы барлық кітаптардың шамамен 40% осы жерде басылған.

2022 жылы Қазақстан мен Баден-Вюртемберг федералдық жері арасындағы тауар айналымы екі бағытта да екі есеге жуық өсті. Қазақстанға экспорт 2021 жылғы 136,6 миллион еуродан 2022 жылы 350 миллион еуроға дейін өсті. Бұл ретте Қазақстаннан импорт 577 млн ​​еуродан 1,150 млрд еуроға дейін өсті (1,012 млрд еуро – мұнай, 119,3 млн еуро – металдар).