
Құрметті отандастар!
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар әрбір азаматы ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау барысында дауыс беруге қатыса алады.
Осыған байланысты, Германия Федеративтік Республикасының аумағында 2023 жылғы 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі (Берлин қ.) жанындағы №247, Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №269 және Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №412 сайлау учаскелері жұмыс істейтін болады.
Берлин қаласындағы Елшіліктің мекенжайы: Nordendstraße 14-17, 13156 Berlin.
Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Beethovenstraße 17, 60325 Frankfurt am Main.
Мюнхен қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Redwitz str. 4, 81925 München.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, ҚР Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауына қатысу құқығы және ниеті бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін тиісті деректерді (аты-жөніңіз, туған күніңіз, ЖСН, Германиядағы мекенжайыңыз, байланыс деректеріңіз) «Мәжіліске сайлау-2023» белгісімен келесі электрондық мекенжайға
ү.ж. 15 ақпаннан кешіктірмей жіберуіңізді сұраймыз: konsulberlin@mfa.kz
(№ 247 учаскесіне тіркелу үшін), frankurt@mfa.kz (№ 269 учаскесіне тіркелу үшін) және konsul-muenchen@mfa.kz (№ 412 учаскесіне тіркелу үшін).
Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келуіңіз қажеттілігіне тағы да назар аударамыз.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.