
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Германия Федеративтік Республикасының бірқатар аймақтарында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты, Қазақстанның Германиядағы Елшілігі оқу немесе жұмыс мақсатымен Германияда тұратын ҚР азаматтарының санағын жүргізуде.
Төтенше жағдай туындаған кезде әрі қарайғы іс-қимылдарды хабарлау мақсатында өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді (аты-жөніңіз, туған жылыңыз, мекен-жайыңыз бен байланыс деректеріңіз) келесі сауалнама бойынша ұсынуды сұраймыз.
Түсіністіктеріңіз үшін рақмет!