
Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!
Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынастарының қысқартылдығын немесе уақытша тоқтатылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты қазіргі уақытта ҚР-дың негізгі әуе тасымалдаушысы «Air Astana» әуекомпаниясы Амстердам қаласынан Қазақстанға келесі бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырып жатқандығын назарларыңызға саламыз:
Төмендегі сілтеме бойынша компанияның ресми сайтындағы ақпараттың жаңаруын қадағалауды сұраймыз.
Бұл рейстерге билеттері жоқ Қазақстан азаматтары әуебилеттерін (https://airastana.com/kaz/kk-kz/Josparlau/Bilet-satyp-alu) сайтынан немесе «Air Astana» әуе компаниясының кассаларынан брондауларына болады.