
Құрметті отандастар!
Германия Федеративтік Республикасының аумағында 2022 жылғы
20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №247, Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №269 және Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №412 сайлау учаскелерінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Берлин қаласындағы Елшіліктің мекенжайы: Nordendstraße 14-17, 13156 Berlin.
Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Beethovenstraße 17, 60325 Frankfurt am Main.
Мюнхен қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Redwitz Str. 4, 81925 München.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие әрбір азаматы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.