Берлинде Республика күні мен Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатуының 30 жылдығын атап өтті

Берлинде Республика күні мен Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатуының 30 жылдығын атап өтті

БЕРЛИН, 2022 жылғы 24 қазан – Германия астанасында Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне және Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуының 30 жылдығына орай ресми қабылдау өтті.

Іс-шараға жоғары мәртебелі қонақтар, оның ішінде бұрынғы Федералдық канцлер Герхард Шрёдер, Бундестаг депутаттары, федералдық министрліктер мен ведомстволарының басшылығы, іскерлік және сарапшылық топтардың өкілдері, сондай-ақ Германияның ірі бұқаралық ақпарат құралдарының беделді журналистері қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов мемлекетіміздің даму жолының маңызды кезеңі саяси трансформация мен іске асырылып жатқан ауқымды реформалар екенін айтты.

«Жаңа, прогрессивті қағидаттарға сүйене отырып, ағымдағы жылдың 20 қарашасында президенттік сайлау өтетін болады. Бірыңғай 7 жылдық президенттік мерзім енгізілді, бұл өңірде үлгісі жоқ оқиға», - деді қазақстандық дипломат.

Дипломатиялық миссиясының басшысы Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 30 жыл толуын айта келіп, елдер арасындағы қарым-қатынастардың жемісті және қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылдың 7 айында ғана екіжақты тауар айналымы 73 пайызға өсіп, 5 миллиард еуродан асты. «Осылайша, ынтымақтастықтың әртүрлі салаларында – өнеркәсіп пен технология, энергетика, шикізат, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, ғылым және жоғары білікті кадрларды даярлауда Қазақстанның да, Германияның да игілігі үшін кең мүмкіндіктер ашылуда», – деді Елші.

Федералдық үкіметі атынан сөз сөйлеген Германия Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі уәкілі Маттиас Люттенберг барша қазақстандықтарды ұлттық мерекесімен құттықтап, еліміз бен халқымызға одан әрі гүлдену тіледі. Ол Қазақстан мен Германия арасында тығыз және сенімді саяси қарым-қатынас орнағанын және мемлекетіміз «Орталық Азиядағы тұрақтылықтың тірегі ретінде бағаланатынын» атап өтті.

Жоғары лауазымды неміс дипломаты Германияның еліміздің одан әрі реформалар бағытын, Қазақстанның әлемнің барлық елдерімен, өңірлік және халықаралық ұйымдармен бейбітшіл сыртқы саясатты ұстануға бағытталған күш-жігерін қолдайтынына және Қазақстан мен Германия арасындағы достық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

«Басқа халықтармен және мәдениеттермен достық пен жақындыққа ұмтылған адам парасатты, ибалы және өз халқының игілігі үшін әрекет етеді», – деп М.Люттенберг қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы Абай Құнанбаевтың сөзін қайталады.

Кештің ерекше «сәні» музыкалық бағдарлама болды, онда қазақстандық жас музыканттар қазақтың халық шығармалары мен әлемдік классикалық музыканы орындады.

Қонақтар дарынды музыканттар Олжас Құрманбек пен Айдана Мадиярдың орындауындағы қазақтың көне аспабы – қобыз бен классикалық сыбызғы дуэтін жоғары бағалап, қазақ өнерінің жарық болашағы, жас әншісі, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Максимнің кәсіби орындауын қошеметпен қарсы алды.