ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Құрметті отандастар!

Германия Федеративтік Республикасының аумағында 2022 жылғы
20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №247, Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №269 және Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №412 сайлау учаскелерінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Берлин қаласындағы Елшіліктің мекенжайы: Nordendstraße 14-17, 13156 Berlin.

Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Beethovenstraße 17, 60325 Frankfurt am Main.

Мюнхен қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Redwitz Str. 4, 81925 München.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие әрбір азаматы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға конституциялық құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Германия Федеративтік Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, туған күні және жылы, ЖСН, Германиядағы мекенжайы, байланыс деректері) «Президент сайлауы-2022» белгісімен келесі электрондық мекенжайға
ү.ж. 7 қазанға дейін жіберу қажет: konsularabteilungberlin@gmail.com (№ 247 учаскесіне тіркелу үшін), frankfurt@mfa.kz (№ 269 учаскесіне тіркелу үшін) және konsul-muenchen@mfa.kz (№ 412 учаскесіне тіркелу үшін).

Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.