Қазақстандық дипломат Берлин марафонына қатысуын отандық дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арнады

Қазақстандық дипломат Берлин марафонына қатысуын отандық дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арнады

БЕРЛИН, 2022 жылғы 25 қыркүйек– Өткен демалыс күндері Германия астанасында 48-ші Берлин марафоны өтті. Жарысқа 150-ге жуық елден келген 45 мыңнан астам спортшының арасында қазақстандықтар да болды.

Марафонға қатысу үшін Германияға арнайы келген қазақстандық дипломат Мейрам Жұмағұлов өз жарысын Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арнады.

Әріптесіне және барша қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетуге Қазақстанның Германиядағы елшілігінің қызметкерлері де келді.

Берлин марафоны (BMW Berlin-Marathon) – қыркүйектің соңғы жексенбісінде Германия астанасында дәстүрлі түрде өтетін әлемдегі ең беделді марафондық жарыстардың бірі.

Лондон, Нью-Йорк және Чикаго марафондарымен қатар Берлин марафоны әлемдегі ең ауқымды марафондардың бірі болып табылады (60 000 қатысушы, оның ішінде 45 000-ға жуық жүгіруші).

Биылғы марафонның жеңімпазы кениялық спортшы Элиуд Кипчоге атанды, ол 42,195 шақырым қашықтықты 2 сағат 1 минут 9 секундта жүгіріп өтіп, 4 жыл бұрынғы өзінің әлемдік рекордын жарты минутқа жаңартты. Жарыста екінші болып Кипчогенің отандасы Марк Корир 2:05:58 нәтижемен, үшінші болып эфиопиялық стейер Деме Таду Абате (2:06:28) шықты.