Нұр-Сұлтанда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Нұр-Сұлтанда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық жұмыс тобының отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2022 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық жұмыс тобының (ҮЖТ) 13-ші отырысы өтті. ГФР делегациясын Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат жөніндегі директоры (Министрдің орынбасары деңгейінде), ҮЖТ-ның тең төрағасы Доминик Шнихельс, Қазақстан делегациясын – Сыртқы істер министрінің орынбасары – ҮЖТ-ның тең төрағасы Алмас Айдаров басқарды.

Қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Н.Онжанов, мемлекеттік органдардың (ЭМ, ИИДМ, ЭГТРМ, ҰЭМ, БҒМ, АШМ, ҚМ), «Бәйтерек» ҰБХ, «ҰК» АҚ өкілдері. «KazakhInvest», Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы, «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ, «Возрождение» ҚҚ, ҚР мемлекеттік органдарының құрылымдық бөлімшелерінің және ұлттық компанияларының басшылары қатысты. Неміс тарапынан Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігі, Федералдық Сыртқы істер министрлігі, ҚР-дағы ГФР Елшілігі, Германия экономикасының шығыс комитеті, Германия сауда-өнеркәсіп палатасының қауымдастығы («DIHK»), Германия сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі федералдық агенттігі («German Trade Invest»), Германия энергетикалық агенттігі («DENA»), Германия экономикасының Орталық Азия және Қазақстандағы өкілдігі (АНК) қатысты.

Кіріспе кездесу барысында делегация басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен қызығушылық танытты және кездесу барысында ҚР мен ГФР арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты тақырыптық блоктарын қарастырды, олардың ішінде: шикізат саласындағы ынтымақтастық, энергетика, өнеркәсіп және ЕЭА, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, көлік-логистикалық индустрия, білім, ғылым және техникалық кадрларды даярлау, сондай-ақ Қазақстанда неміс компанияларының саның көбейту. Шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы әріптестік туралы Үкіметаралық келісімнің практикалық мазмұнына ерекше назар аударылды.

ҮЖТ-ның тең төрағалары отырысқа қатысушыларды соңғы саяси оқиғалар контекстіндегі өз елдеріндегі ағымдағы экономикалық жағдаймен, сондай-ақ әлемдік экономиканың ағымдағы дамуымен және қазіргі геосаяси жағдай нәтижесінде туындаған қиындықтармен таныстырды. Тараптар 2021 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының айтарлықтай өскенін (герман статистикаға сәйкес, 2021 жылы сауда 32,3%-ға өсіп, 5,1 млрд еуроны құрады), сондай-ақ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында (+80% атап өттіп, 4,1 млрд еуро құрады). Сондай-ақ, Қазақстан экономикасына құйылған неміс инвестициясының 90%-дан астамы «шикізаттық емес секторға», атап айтқанда өңдеу өнеркәсібіне, химия өнеркәсібіне, құрылыс материалдарын өндіруге және агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі екені айтылды.

ҮЖТ-ның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ГФР Қазақстанның ЕО-дағы негізгі саяси және жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі, сондай-ақ ҚР ұзақ мерзімді экспорттық мүддесін білдіретін басым елдердің бірі екенін атап өтті. Министрдің орынбасары А.Айдаров неміс әріптестерін қолайлы инвестициялық ахуал құруға, инвестициялық инфрақұрылымды жақсартуға және шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы хабардар етті. Осы тұрғыда ол бірлескен ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуды және неміс компанияларының Қазақстандағы өкілдігін кеңейтуді ұсынды.

Өз кезегінде, неміс делегациясының басшысы Қазақстанның ГФР-дың аймақтағы ең маңызды серіктесі ретіндегі рөлін атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады, сондай-ақ неміс бизнесінің Қазақстанға жүйелі түрде қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол қазақстандық биліктің «бір терезе» қағидаты бойынша неміс компанияларын қолдауы екі ел арасындағы экономика және инвестиция саласындағы ауқымды ынтымақтастықты құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

ҮЖТ отырысының нәтижелері екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың сапалы жаңа кезеңінің басталғанын және тараптардың нақты инвестициялық жобаларды жүйелі және ауқымды жүзеге асыруға дайындығын көрсетті.

Үкіметаралық жұмыс тобы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты үйлестіретін негізгі орган болып табылады. Ол үкіметаралық деңгейде тұрақты негізде серіктестік диалогын жүргізуді қамтамасыз етеді.