ГФР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың барлық салалары талқыланды

ГФР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың барлық салалары талқыланды

БЕРЛИН, 2022 жылғы 4 тамыз – Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов ГФР СІМ-нің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілі Маттиас Люттенбергпен танысу мақсатында кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастығын, атап айтқанда, СІМ-аралық байланыстар, экономикалық ынтымақтастық, экология, мәдениет және білім салаларындағы, оның ішінде Алматыда орналасқан Қазақ-Неміс университетінің іс-қимылын одан әрі дамыту жөнінде өзара қызығушылықтарын растады.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ сұхбаттасын «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асыру барысы туралы хабардар етті.

М.Люттенберг өз тарапынан Қазақстанды Германияның Орта Азия өңіріндегі маңызды серіктесі деп атай отырып, неміс тарапының халықаралық ұйымдарының, ОА үшін ЕО-ның жаңартылған стратегиясының және «Жасыл Орта Азия» экологиялық бастамасы шеңберінде қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді.