
БЕРЛИН, 2022 жылғы 20 шілде – ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Онжанов «Deutsche Bahn AG» компаниясының халықаралық жобалар жөніндегі Басшысы, «DB Engineering & Consulting» компаниясының Бас директоры Нико Варбаноффпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар 2022 жылғы 31 тамызда Берлиндегі «Deutsche Bahn» компаниясының штаб-пәтерінде өтетін стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің отырысына дайындық барысын талқылады. Іскерлік кеңестің Герман және Қазақстан тараптарынан тең төрағалары Нико Варбанофф пен «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов болып табылады.
Сонымен қатар, кездесу аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Deutsche Bahn» теміржол компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.