Берлин, 2022 жылғы 19 маусым - Берлин филармониясында "Sommerfrische" (жазғы салқындық) классикалық музыканың симфониялық концерті өтті.
Белгілі Еуропалық дирижер Гудни Эммильсонның жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Халық әртісі А.Мұсақожаева әлемдік классика туындыларының бірі - А.Хачатурянның «Ре минор скрипка мен оркестрге арналған концертін» орындады.
Неміс публикасы жетекші қазақстандық скрипканың виртуозды ойынына тамсанып, әлемдік классика туындысын шеберлік орындаудың жоғары бағалады.
Концерттік бағдарламаға П.Чайковскийдің «Евгений Онегин «операсынан Полонез», сондай-ақ М. Равельдің «Соль мажор фортепиано концерті» және «Болеро» шығармалары енді.
Бұл концерт Берлин симфониялық оркестрінің концерттік сериясының аяқталуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған мәдени іс-шаралардың калейдоскопында аталған іс-шара ерекше орын алады.