ЗОЛЬТАУ, 2022 жылғы 10 маусым – Төменгі Саксония федералдық жеріне жұмыс сапары кезінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «J. A. Woll Handels GmbH» компаниясының басқарушы акционері Ральф Хартвихпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Дәурен Кәріпов бизнесті жүргізу шарттары мен ҚР-дағы қолайлы инвестициялық ахуалы, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс атқаруы және мемлекет пен шетелдік компаниялар арасында сенімді диалогы туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ Елшіліктің Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі міндеттері туралы айтып берді. Елші Дәурен Кәріпов компания өкілін 2022 жылғы қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының отырысына қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Ральф Хартвих компанияның басқа елдердегі өкілдігін кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы хабарлады және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдірді.
«Jawoll» компаниясы орташа баға сегментінде өнімдер мен тауарларды сатуға маманданған жетекші сауда желілерінің бірі болып табылады. Ассортиментте 40 мыңға дейін заттар бар: тамақ, сусындар, дәрі-дәрмектер, үй жануарларына арналған тамақ, декор, электроника, жиһаз, киім және аяқ киім. Қазіргі уақытта компанияның Германия және басқа елдерде 94 филиалы бар. Қызметкерлер саны 1800 адамнан асады.