
БЕРЛИН, 2022 жылғы 31 мамыр – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов бес Орталық Азия республикасы мен Монғолия елшілерінің өткен жылғы неміс парламенттік сайлауының қорытындысы бойынша қайта құрылған Бундестагтың «Германия-Орталық Азия» достық тобының мүшелерімен танысу кездесуіне қатысты. Топтың қазіргі құрамына Бундестагқа ұсынылған барлық саяси фракциялардың 20 депутаты кіреді, ал топтың жаңа төрағасы болып Ойген Шмидт тағайындалды.
Іс-шара Германия тарапының бастамасымен биыл дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтетін Германия мен Орталық Азия республикалары арасындағы ынтымақтастықтың түрлі аспектілері бойынша парламенттік диалогты қайта жаңғырту мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында Елші Д.Кәріпов Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастығына шолу жасады. Бундестаг депутаттары еліміздегі ауқымды реформалар бағдарламасы мен «Жаңа Қазақстанды» құру аясындағы келесі саяси және әлеуметтік қайта құрудың іргетасы болуға арналған 5 маусымда өтетін конституциялық референдум туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады.
Жалпы алғанда, өткізілген келіссөздер өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік және демократиялық реформалар бойынша сайланбалы органдар арасында ақпарат және пікір алмасуға бағытталған парламентаралық дипломатияның күн тәртібі бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға деген тараптардың ортақ ниетін растады.
2022 жылғы сәуірде ГФР Бундестагында 47 екіжақты және көпжақты парламенттік топ, оның ішінде «Германия - Орталық Азия» тобы құрылды. Қызметі партиядан тыс мүдделерді басшылыққа алатын бұл топтардың мақсаты Берлиннің серіктес елдердің ұлттық парламенттерімен үздіксіз диалог жүргізуі болып табылады.
2008 жылдан бастап ҚР Парламентінің Мәжілісінде Қазақстан-Германия парламентаралық өзара іс-қимылына бағытталған осыған ұқсас топ жұмыс істеп келеді.